Меню KDT

logo.png?_=1715662853

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Наурыз – көктем мейрамы!» атты концерттік бағдарлама өткізілді.

    Домалақ ене атындағы орта мектебінде 19.03.2024ж күні оқушыларға Наурыз - жыл басы, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңыздылығын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу масатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Наурыз – көктем мейрамы!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама басы Қыдыр атаның «Наурыз» батасымен бастау алып, мектебіміздің «Айгөлек», «Әдемі», «Гүлдерай», «Тұмар», «Айдай», «Ерке» би топтарының  ұлттық билерімен, мектеп домбырашыларының әсем күйлерімен, жас әншілеріміздің әуенді әндерімен ұласты. 
    Бағдарламаны тамашалаған көрермендеріміз, ұлтымыздың өнері мен ұлттық киімдерінің сұлулығына тамсанып, көз алмады.

    .
    19.03.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки