Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Соған сәйкес Домалақ ене атындағы орта мектепте 26 мамыр күні «Абай жолы- халық жолы» тақырыбында байқау өтті. Байқауда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан 1 кезеңге тест ұйымдастырылса, 2 кезеңде сұрақтар қойылды. Байқауда әділқазылардың әділ шешіміне сәйкес 1-орынды 10-сынып оқушысы Сейсехан Салима иеленсе, 2- орынды 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Арина 15 000тг иеленді, 3-орынды 9-сынып оқушысы Хазый
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні” мерекесіне орай оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа,өзге ұлт өкілдерінің бір – біріне деген татулығын,бірлігін насихаттау мақсатында «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында үлкен іс – шара өткізілді.Іс – шара барысында оқушылар әр ұлттың биін билеп,әнін шырқап келген көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады!
Бәйдібек ауылы М. Мәметова мектебінде Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турниріне мектебіміздің “Жастар”, “Заманауи жастар” фракциялары қатысып, 14 фракция, яғни 28 спикер арасынан “Жастар” фракциясының 1 спикері Сейсехан Салима “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды! Сонымен қоса “Заманауи жастар” фракциясының 1 спикері Батырбай Ақбота “Үздік кейс” номинациясын жеңіп алды! Жеңісті күндеріміз көп болғай!!!
Тал егу акциясы өте маңызды іс екені сөзсіз. Осыған орай Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушылары "бір бүлдіршін - бір ағаш" акциясымен көгалдандыру жұмысына белсене қатысты
11 сәуір күні #10 Шу колледжінің Жастар ісі жөніндегі инспекторы Жанар Кулыбекова мен Домалақ ене атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші Айгерім Ақмолдаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылар колледж тарихымен, оқытылатын мамандықтармен танысты. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға бағыт-бағдар көрсету. Мамандық таңдауға көмек беру.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай кітапханашы З.Утегулова мен 4"Ә" сынып жетекшісі Ж.Қайрамбаеваның ұйымдастыруымен "Ғажайыптың ғажайып сырлары" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқу арқылы, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Танымдық сабақ 5 айналымнан тұрады: 1. Кіріспе 2. Білгенге маржан 3. "Мозайка" құрастыру 4.
10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлері Мұхтарбек Батырхан Русланұлы мен Батырхан Нұрым Ержанұлы. Жетекшісі: К. Жиренбаева. Құтты болсын!
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 6-11 сынып оқушылары арасында 7наурызда «Яссауитану-2023» байқауының аудандық кезеңіне Домалақ ене атындағы орта мектептен 9сынып оқушысы Хазый Шолпанай қатысып, 1орын иеленіп, облысқа жолдама алды.Жетекшісі Қонақбаева Жұлдыз