"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 1-11 сынып білім алушылар түгелдей оқулықтармен қамтылды.
02.09.2024ж күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде 8-11 сынып қыздарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры, мектеп психологы, аға тәлімгер қатысты. Жиналыста қыздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып, мектеп формаларына қатысты ескертулер айтылды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1-ші қыркүйек Білім күні мен 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өткізіліп, мерекеге қонақтар шақырылды. Салтанатты жиын алғашқы қоңырау соғылу рәсімімен аяқталды.
Бүгін, 14 маусымда Домалақ ене атындағы орта мектебінде”Жолың болсын, жас түлек” атты негізгі орта және жалпы орта білімді аяқтаған білім алушыларға арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Биылғы жыл қуанышты жыл араға 43жыл салып "Алтын белгі" иегері Өсербай Нұрдәулетті ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ үздік аттестат иегерлері Сейсехан Салима, Байхожа Аяжан, Сарсенбай Арина, Маралбек Ақниет, негізгі орта мектепті үздік аяқтаған Санақбай Нұрай, Сейсехан Нұрлыгүл, Еркінбек Ділназ мектеп мақтаныштары. Мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат