Домалақ ене атындағы орта мектебінде “Жарқын жастық - баянды болашақ” тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлерін айтып өту. Кешіміздің қонақтары: 2022 жылдың үздік аттестат иегері, мектебіміздің мақтанышы болған, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің
Мелькомбинат негізгі орта мектебінде пікірсайыс қозғалысын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және жемқорлыққа жол бермеуге қатысты білім дағдыларын қалыптастыру мақсатында 17.01.2024 ж күні «Жастар» дебат клубынның «Дебат», фракцияларының қатысуымен «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыста: БП Әділ жолмен баю мүмкін емес деп есептейді; БП Қазіргі қоғамдағы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алудың тиімді механизмін (жолын)
Шу ауданы білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінің командасы, аудандық 5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген "Мектеп лигасы" жарысында баскетболдан жүлделі ІІ-ші орынды иеленді. Құтты болсын! Үйірме жетекшісі: Ғ.Әзімқұл
Қазақстан Республикасының мұғалімдер арасында өткізілген спартакиадасында Жамбыл облысының ерлер арасында волейбол ойынынан намысын қорғаған, Шу ауданының ер мұғалімдер командасы құрамында Домалақ ене атындағы орта мектебінің мұғалімі Мүташ Абзал 3-орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Әлемде балалардың бақыты мен күлкісіне маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі” деген болатын.️ Жас ұрпақтың жарқын болашағы мен саналы тәрбиесі ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастыққа негізделген. Осы бағытта ата-аналарды педагогикалық қолдаудың маңызы зор. 26 қазан күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау өз жұмысын ата-аналармен бірлесе отырып, алдағы
Тіл мерекесіне орай Домалақ ене атындағы орта мектебінде биылғы оқу жылында жұмысқа кірген жас мамандармен «Тіл үшін күрес-ерге тиген үлес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жас мамандар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов, мектеп психологі М.Мурзабекова, медбике А.Джаныкулова және 8-11 сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары