Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Жастар" дебат клубымен "Қыз тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өтті. Мақсаты: қыз баланың ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашағы жарқын тұлғаны тәрбиелеу туралы пікір алмасу. #ұшқыр_ой_алаңы #дебаты #дебаты_путь_к_успеху #пікірсайыс
Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Шу ауданына іс сапармен келіп, Бірлікүстем ауылында заманауи салынған жаңа мектептің тыныс тіршілігімен танысты. Оқушылардың сүйікті орны, "Білім бұрышы" "Шахмат алаңы" "Ұлдар шеберханасы" "Кітапхана" "Спорт зал", асхананы аралап , жаңа мектепте тек сапалы білім саналы тәрбие алуды тапсыра отырып ізгі тілегін білдірді. Ешкандай қаражат шығармай оқушылар мен мұғалімдердің қолымен жасалған географиялық алаңдағы табиғи құбылыстарды бақылайтын өлшеу құралдарымен оқушылар таныстырып, танымдық қызықты ойларымен бөлісті. География сабағы
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: - оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; - математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; -өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан. 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады: -оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; -алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; -Қазақстан тарихынан
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ✅Шу аудандық білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары
Домалақ ене атындағы орта мектебінің түлектері денешынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Мүташ пен Б.Әліпбаев мектепке Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл макетін сыйға тартты.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде психологиялық кеңес беру айлығы аясында " Жеткіншек жастағы оқушылардың тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау " үшін 8-11 сынып оқушылары арасында психодиагностика жүргізілді. Психодиагностика қорытындысы бойынша: Мектепте психикалық ауытқушылыққа бейім, мектеп тәртібіне бағынбайтын, құқық бұзушылыққа бейім оқушылар анықталмады.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде ДТІЖО А.Уатаева мен ДҚІЖО Б.Мықтыбеков "Жол қауіпсіздігі", "Өрт қауіпсіздігі" тақырыптарында бастауыш сынып оқушылары мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.