Домалақ ене атындағы орта мектебінің медбикесі А.Джанықұлова коронавирустың індетінің таралуын болдырмау мақсатында 4 сынып оқушылары арасында коронавирус індетінің алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушыларға алдын ала сақтық шаралары насихатталды.
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы М. Байхутова және "Домалақ ене" атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж. Уалиеваның ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің 180 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шарада Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, шығармашылығы, еңбек жолы жан-жақты талданып, оқушылар өлеңдерін жатқа айтты.
Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтуға игілікті істерімен тәуелсіз Қазақстан құру жолында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, мектепке тағзым" бағдарламасы аясында "Түлек KZ" жобасы бойынша Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1976 жылғы түлегі мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жанат Нүсіпұлы 11 сынып оқушыларымен " Мамандығым мақтанашым" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ұлдарға әскери борышын өтеуге кеңес берді. Мектебіміздің түлегі Жанат Нүсіпұлы 11 сынып оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Өзін-өзі тану" пәнінің онкүндіктері аясында , пән мұғалімдері М.Р.Мурзабекова , Б. Ж. Мықтыбеков Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай "Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты іс - шара жоспарына сай " Өзін- өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы туралы " Мейірім төгетін ана" атты кітаптар көрмесін 5-9 сынып оқушыларымен санитарлық талапқа сай көрмесі ұйымдастырылды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Өзін-өзі тану" пәнінің онкүндіктері аясында , пән мұғалімдері М.Р.Мурзабекова , Б. Ж. Мықтыбеков , Қ. Қ. Ағыбаева Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай "Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты іс - шара жоспарына сай " Өзін- өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Назарбаева Сара Алпысқызы жайында 5-11 сынып оқушыларымен санитарлық талапқа сай бейнефильмдер көрсетілді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Жомарт түлек" акциясы аясында мектебіміздің 2007 жылғы түлегі Алматы қаласындағы дизенфекциялау компаниясының директоры Садыров Нұрман Елтайұлы домбыра үйірмесіне қатысып жүрген 4 сынып оқушылары Құрманқұл Дина мен Хазый Дильнурдың арманын орындап сыйға домбыра тарту етті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде ҚР рәміздері туралы "Рәміздер-Тәуелсіздік белгісі" тақырыбында аға тәлімгер Қ.Сқағалиева "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру. Дөңгелек үстелде оқушылар жақсы ат салысып, өз ойларын ортаға салды. Н.Назарбаев атамыз айтқандай "Мемлекеттік рәміздер- бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді"- деген нақыл
Домалақ ене атындағы орта мектебінде санитариялық талаптарды сақтай отырып " Жат қылықтан аулақ бол" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Мақсаты үлкендерге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерге отырып, зиянды әдеттерден бойлары аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.