БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА! Домалақ ене атындағы орта мектебінде бүгін, 14 қаңтар күні жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ЮПТ полиция аға лейтенанты Садырбаев Омар Орақұлы, Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі Бименбетов Асқар Өсербайұлы қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйледі. Жиналыс барысында балалардың кешкі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау, мектеп пен ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін
2025 жылы 13 қаңтарда Домалақ ене атындағы орта мектепте кезекті №2 жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер ата-аналар назарына толық жеткізілді. Барлық сыныптардың білім сапасы жеке-жеке таныстырылып, оқушыларымыздың жетістіктері көрсетілді. Түрлі байқау, жарыстардан, пәндік олимпиадалардан жүлделі орын алған оқушыларымыздың ата-аналарына мектеп атынан алғыс білдірдік. Сондай-ақ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың есебі берілді. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болу керектігі баса айтылды. <br
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесі мен құқығы-басты құндылық» атты аудандық семинар-практикум өтті. https://youtu.be/PuofN9pMo2k
Домалақ ене атындағы орта мектебінде жоспарға сай асханада «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуын, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау. Ата-аналар мектеп асханасындағы тамақ түрлерін, тазалығын көріп, өз пікірлерін білдірді.
Оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту мақсатында Домалақ ене атындағы орта мектебінде 27.11.2024ж күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қамқорлық жобасы негізінде мектебіміздің “Мейірім қанаты” еріктілер тобы мүшелерінің қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 6”А”, 6”Ә” сынып оқушылары белсенділік танытып үйлерінен түрлі тағамдар әзірлеп әкелді. “Жақсылық еккен алғыс орады”-демекші жақсылық жасап өзгелердің алғысына
Домалақ ене атындығы орта мектебінің оқушылары Тараз қаласында өткен "Jalyn bi" конкурсына қатысып жүлделі І орын және ІІІ орын иеленіп, Астана қаласына сонымен қатар Ыстық көлге жолдама алып жеңіспен оралды <div class="x9f619 xjbqb8w x78zum5 x168nmei x13lgxp2 x5pf9jr xo71vjh x1xmf6yo x12nagc
"Жамбыл облысының 85 жылдығына" орай ұйымдастырылған волейболдан Шу ауданы әкімдігінің кубогінің жарысында ауылымыздың жастары "Бірлікүстем" командасы І орын иеленіп, үздік ойыншы болып Қамысбек Ернұр марапатталды.