Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп атаған еді. Соған орай мемлекетімізде, елді-мекендерде, ауыл-аймақтарда жастарды қолдайтын бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Домалақ ене атындағы орта мектебінің жастары ауылдық мәдениет үйінде « Тұғыры биік тәуелсіз елім, жайнай бер мәңгі гүлденсін жерім» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және жастар жылы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты отбасылық толағай сайыс өтті. Сайысқа Серікбай әулеті , Сәрсенбаевтар, Асыловтар және Әбдреевтер отбасылар қатысты. Салауатты адам жанының да, тәнініңде тазаруы, денсаулықтың жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.