Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұстаз болу – нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келеді. Мұғалімнің еңбегі лайықты бағалануы тиіс», – деп атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Ұстаз болу – нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келеді. Мұғалімнің еңбегі лайықты бағалануы тиіс», – деп атап өтті.
Биылдың өзінде 13 мыңнан астам грант педагогтарға бөлінді. Бұл – жастардың ұстаздық жолға деген сенімі мен қызығушылығының артқанының белгісі.
Соңғы жылы мыңнан астам оқушы халықаралық білім сайыстарында жеңімпаз атанды. Бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі!
Енді барлық мектепте «Адал азамат» бағдарламасы енгізілуде. Мақсат – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытып, отаншыл рухта тәрбиелеу.
Сонымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына ұстаздардың қосып жатқан үлесі зор. Президент осы бастаманы қолдаған барша мұғалімдерге алғыс айтты.