“ Қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында жиналыс өтті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу мақсатында “ Қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп мед.бикесі А.Джаныкулова, ДТІЖО А.С.Уатаева, аға тәлімгер Б.Б. Қалқабаева қатысты.