АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Мектеп формасы туралы мәлімет.
2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп формасы жайлы ақпарат:
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес 1-11-сынып оқушыларының формасы төмендегідей:
1)Ұлдардың формасы: қою-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ), Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек.
2) Қыздардың мектеп формасы: қою-көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек /тек қысқы уақытта/
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен, спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
10-сынып оқушыларына арналған әскери-парадты форма ақ жейде мен қара түсті шалбардан,галстук пен береттен тұрады.
Мектеп формасына түрлі
діни аксесурлар, джинсы , слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа , тор , кожа юбкалар қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Мектеп әкімшілігі.