Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімінің  Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қиын бала болмайды»жобасы аясында  7-11 сынып оқушыларына ауыл әкімі А.Қ.Қуанышев пен Шу АПБ-нің ЖПҚБ УПИ қызметкерлері қатысуымен "Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында  ұлдар жиналысы өткізілді.
    Мақсаты : Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау, құқықтық сауаттылыққа үйрету,адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
        Жиналыс барысында мектеп ережесі мен көшедегі қауіпсіздікті  сақтау бойынша нұсқаулық берілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін заңды өкілдерінсіз жалғыз жүруге, топқа бірігіп  ойын-сауық орындарында ,үй  жағдайында отырыстар ұйымдастыруға рұқсат етілмейтіндігі, ондай жағдай анықталса ата-аналарына айыппұл салынатындығы жайлы айрықша айтылды.
         Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектепте ұйымдастырылатын үйірмелерге, спорттық ойындарға қатысуға кеңес берілді.
         Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын- алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
    Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың кешкі мезгілде үйде болуын қадағалауға алыңыздар. Сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігімен үнемі байланыста болып, балаларды тәрбиелеу жолында бірлесе жұмыс жүргізейік.

    .
    20.09.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки