Бүгін Домалақ ене атындағы орта мектебінде салтанатты аттестат тапсыру жиыны өтті. Негізгі мектепті аяқтаған 49 түлекке және жалпы орта мектепті аяқтаған 19 түлекке аттестат тапсырылып, сәт сәпар, ақ жарма тілектер айтылды. Ерекше үздік аттестатты алты түлек иеленді. Түлектердің бүгінгі мерекесі құтты болсын! Алдағы үлкен сын ҰБТден жоғары ұпай алып, грант иегерлері атануына шын жүректен тілектеспін.