Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті.

    Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толмақ. Ауыл әкімшілігінің, Домалақ ене атындағы орта мектебінің, мәдениет үйі және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері Бақберген Қырықбаев, Болат Ширван және Бақытжан Бөкенов арнайы шақырылып, зор құрмет көрсетілді.
    Бірлікүстем ауылдық округінің бас маманы Н.Каюпов құттықтау сөз сөйлеп жауынгерлердің ұрыста көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен естелік сыйлық табыстап, ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдірді. Құрмет көрсетушілерге алғыс сезімін білдірген ардагерлер сұрапыл соғыстың қасіретті жылдарын еске алып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың тағдырына соғыстың жазылмауын тіледі.
    Мектеп оқушылары көркем сөз оқып, ұлттық билерден, патриоттық әндерден шашу шашып, көрерменнің көңілін көтерді.
    Сонымен қатар Домалақ ене орта мектебінің ұстаздарының ұйымдастыруымен ардагерлердің мектеп оқушылармен кездесуі және ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен ардагерлердің қатысумен «Ұрпаққа үлгі болар ерлік» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Бұл іс-шаралардың ортақ мақсаты - жас ұрпаққа Отанына деген сүйіспеншілікті, Отан алдындағы борышын сезінуге, елдің тарихын, әскерді, жауынгер – интернационалистерді құрметтеуге тәрбиелеу болды.

    .
    14.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки