ЖАҢА ТАЛАП: МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАРДА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ СТАНДАРТТАРЫ ЕНГІЗІЛДІ
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған жаңа ұлттық тамақтану стандарттары қолданысқа енгізілді. Бұл стандарттардың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және білім беру ұйымдарында сапалы, қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету. Ендігі уақытта мектептер мен балабақшаларда: ✅ Тұз, қант және май мөлшері қатаң шектеледі; ✅ Жасанды қоспалар, дәм күшейткіштер мен бояғыштарға тыйым салынады; ✅ Мәзірге табиғи өнімдер, көкөністер мен жемістер көбірек қосылады; ✅ Диеталық қажеттілігі бар балаларға жеке мәзір әзірленеді. 📌Медицина қызметкерлерінің рөлі қандай? Білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, бекітілді. Олар: 🔹 Балалар денсаулығын бақылап отырады; 🔹 Перспективтік мәзірдің орындалуын тексереді; 🔹 Тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін бағалайды (бракераж); 🔹 Балалар арасында дұрыс тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; 🔹 Ерекше тамақтануды қажет ететін балалардың тізімін жасайды. 📌Бұл не үшін маңызды? Соңғы жылдары балалар арасында семіздік, диабет, асқазан-ішек ауруларының артуы – дабыл қағарлық жағдай. Сондықтан да дұрыс, теңгерімді, қауіпсіз тамақтану – баланың дамуындағы маңызды фактор. 📌 Есіңізде болсын! 🔸 Жаңа стандарттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы №16 бұйрығы негізінде енгізіліп отыр; 🔸 Тамақтануға қатысты барлық процестер медицина қызметкерінің қатысуымен бақыланады; 🔸 Ата-аналар, педагогтар және әкімшілік бірігіп жұмыс істесе, балалардың денсаулығы мен болашағы сенімді қолда болады! 📢Жаңа стандарттар бойынша ақпаратты білім беру мекемелерінің ұжымдары мен ата-аналар қоғамдастығының назарына ұсынамыз. Дереккөз: Шу аудандық СЭҚ басқармасының фейсбук парақшасынан