ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ТЕТІГІ

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында № 1 Педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің алғашқы қадамында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, педагогикалық кеңес төрағасы мен хатшысын және мүшелерін сайлап, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Алғашқы өткен педагогикалық кеңес ерекше форматта ұйымдастырылып, педагогтерге жаңа оқу жылын бастауға зор ақпараттар мен бастамаларға толы болды. Олай дейтініміз, кеңес алдында қатысушыларға Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылдың 15 тамыз күні өткен Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері бойынша бейнероликтер көрсетілсе, кеңеске арнайы өкіл ретінде қатысқан «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының тренері Көшербаева Жұлдыз Сұлтанқызы сөз сөйлеп, педагогтерге жаңа оқу жылына зор шабыт берді.
Келесі ретте педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, яғни:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы; Баяндамашы: мектеп директоры Т.Ж. Майкеев
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы; Баяндамашылар: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ташметов Н.А., директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Құдайғұлова Қ.А., әдістемелік бірлестік жетекшілері
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы. Баяндамашы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уатаева А.С., директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосетова А.А.
қаралып, педагогикалық кеңес қаулысы бойынша шешімдер қабылданды.
https://youtube.com/shorts/x418zQZB5Ik

28.08.2025
0