Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Әлемде балалардың бақыты мен күлкісіне маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі” деген болатын.️ Жас ұрпақтың жарқын болашағы мен саналы тәрбиесі ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастыққа негізделген. Осы бағытта ата-аналарды педагогикалық қолдаудың маңызы зор. 26 қазан күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау өз жұмысын ата-аналармен бірлесе отырып, алдағы уақытта "Даналық" мектебінің жұмысы бойынша түрлі форматта өткізілетін оқыту сабақтары туралы сынып жетекшілерге таныстырылды.