Мелькомбинат негізгі орта мектебінде пікірсайыс қозғалысын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және жемқорлыққа жол бермеуге қатысты білім дағдыларын қалыптастыру мақсатында 17.01.2024 ж күні «Жастар» дебат клубынның «Дебат», фракцияларының қатысуымен «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыста: БП Әділ жолмен баю мүмкін емес деп есептейді; БП Қазіргі қоғамдағы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алудың тиімді механизмін (жолын) ұсынады деген қарарлар бойынша тың деректер ала алмасақ та, оқушылардың өзіндік жолдарымен таныса алдық. Пікірсайыстамектебіміздің атынан аудандық пікірсайыстарға қатысып жүрген Байгенже Мақсат ағай жүргізді.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша «ІІ дәрежелі дипломмен» Жастарфракциясы, «І дәрежелі дипломмен» Достықфракциясы марапатталды.