Домалақ ене атындағы орта мектебінде ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов, мектеп психологі М.Мурзабекова, медбике А.Джаныкулова және 8-11 сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.