Меню KDT

logo.png?_=1715662853

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Жаңа мектеп-жаңа технология-жаңа мүмкіндік!

    Елбасымыз алға қойған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды құжат. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында Домалақ ене атындағы орта мектебінің құрылысы басталып, 2020 жылдың қараша айында қолданысқа берілді. Бүгінгі күні іске қосылып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мектепте барлығы – 411 оқушы, бастауыш сыныптың 175 оқушысы ата-ана өтініші негізінде кезекші сыныпта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жаңа мектеп ғимаратында білім алуда. Ауданымыздың әкімі Календеров Нұржан Сәбитұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Касымовна мектептің ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіре отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етуді тапсырды. Білім беру жүйесінің мақсаты – жан-жақты білімді, шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігі жоғары тұлғаны қалыптастыруы үшін жаңа үлгідегі мектептің ашылуы өзінің сүбелі жемісін берері сөзсіз.

    .
    25.11.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки