Меню KDT

logo.png?_=1715662853

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Мектеп асханасы» акция барысында өткізілген іс – шаралар туралы мәлімет

    Мектепте 27 қаңтар – 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясының іс – шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Бірінші аптасында мектептің педагог психологы А. Абдикаликова 1-ші сыныптың 52 оқушысынан және аз қамтылған 23 оқушыдан ыстық тамақтың сапасы мен ас мәзіріне сәйкестігі туралы сауалнама алды. Сауалнамаға барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылған 75 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларға тағамдардың ұнайтыны, күнделікті берілетін тамақ ас мәзіріне сәйкес келетіндігі және өздеріне қандай салат түрі ұнайтындығы анықталды. Ата-аналармен акция барысында аптасына бір рет «Ашық есік күн» ұйымдастырылды. Ата-аналар тамақтың ас мәзіріне сәйкес әзірленетінін, тамақтың дәмін, сапасын көрді. «Ашық есік күніне» қатысқан ата –аналар Сатова Р., Дауымбакова М., Джайсанбаева Ж., Даулетжанова А., Алпысбаева Г. Екінші аптада мектеп медбикесі А.Джанықұлова «Тиімді тамақтану», «Дұрыс тамақтана білесің бе ?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында баяндама оқыды. Мектеп медбикесі тарапынан күнделікті тамақтың сынамасы алынып отырады.
    2-ші«Б» сынып жетекшісі Т.Шалимбетова «Дұрыс тамақтану» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар дұрыс тамақтану бойынша көптеген мағлұматтар алды. Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасының зор екенін түсінді. Үшінші аптада мектеп медбикесі «Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында мектеп оқушыларымен әңгіме-сұхбат жүргізді. Төртінші аптада әлеуметтік педагог Ү.Ахметжанова оқушылармен ойын түрінде дұрыс тамақтану қағидалары, пайдалы және пайдасыз тамақтар туралы түсінік берді. Оқушылар пайдалы және пайдасыз тамақтарды ажырата білді және көбінесе дәрумендерге бай тағамдарды қолдану керектігін ашық айтты.
    Акция барысында мектепте құрылған мониторинг комиссия мүшелері асханада тамақтың сапасын, асхананың санитариялық жағдайын, азық-түліктің сапасын, күнделікті берілетін тағамдардың ас мәзіріне және мөлшерінің нормаға сәйкестігін, оқушылардың тамақ ішуін қадағалап, бақылады. «Мектеп асханасы » акциясы аясында өткізілген іс-шаралар мектеп сайтына, фейсбукке жарияланып отырды.

    .
    25.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки