1 қазан – Қарттар күніне орай «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ауылымыздың қарттарының бірі Доғдыркүл апамызға қамқорлық көрсетіп, аула жұмыстарына қолғабыс етті. Оқушылар үй ауласын тазалап, қыс мезгіліне дайындалуға көмектесті. Бұл іс-шараның мақсаты – аға буынға деген құрметті арттыру, оқушыларды үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға тәрбиелеу және қоғамда ізгілік пен мейірім құндылықтарын насихаттау.