Әсем жүздеріндегі әр әжімі – тарихтан сыр шертетін шерлі шежіре, әңгімелері – көненің күмбезіндей жыр–дастан, ал өздері – Сәкен ақын жырлағандай шыңда тұрған “сыр сандық“-қарттарымыздың мерекесіне орай Домалақ ене атындағы орта мектебінің “Жас Ұлан” ұйымының жетекші бастаған топ мүшелері ауылымыздың қарттарының үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, қарттарымызға қамқорлық лебізін сыйлап қайтты. Ал қазыналы қарттарымыз “Жас Ұлан” ұйым мүшелеріне өз ақылдарын айтып, ақ баталарың берді.