Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан 2025 жылдың 24 қарашасынан бастап республика көлемінде бастау алған «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні біздің ауданымызда, Домалақ ене атындағы орта мектебінен басталып, ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, бұл зерттеуге биылғы 2025 жылы республика көлемінде 1000 мектеп, облысымыздан 70 мектеп қамтылса, ауданымыз бойынша 3 мектеп қатысуда.
Біздің Домалақ ене атындағы орта мектебі бойынша 15-16 жас аралығында 45 оқушы іріктеліп, зерттеуге толық қатысты.
PISA зерттеуі – білім сапасының әлемдік деңгейдегі бағасын айқындайтын маңызды алаң. Оқушыларымыздың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану ғылымдарындағы білімін тәжірибеде қолдана білу қабілеттері сыналатын бұл кезең — біздің білім беру жүйеміз үшін үлкен жауапкершілік пен маңызды қадам деп білеміз.
Біздер үшін зерттеу күні – тек сынақ емес, бұл – мүмкіндіктер алаңына айналды!
PISA зерттеуіне атсалысып қатысқан барша ұжымдастарға, оқушыларымызға зор алғыс білдіре отырып, нәтижесі жақсы болғай деп тілейміз!
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ