«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалының «Бірлікүстем» бастауыш партия ұйымы тарапынан «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы өткізілді.
Акция барысында «Бірлікүстем» БПҰ төрағасы Майкеев Талап Жылысович және мүшелері, олар: Бірлікүстем ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы Акшабаева Шолпан Медетхановна, «Жұлдыз» бала бақшасының тәрбиешісі Сыздыкбаева Жанаткуль Джаксылыковна, Домалақ ене атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ташметов Нуржан Азимханович бола отырып, ауылдық округте орналасқан Домалақ ене атындағы орта мектебі мен айналасында орналасқан қараусыз, ашық қалған трансформаторлар, ашық люктер, қолайсыз, бұзылған жолдар, бұзылған сарайлардың, құрылыс нысандардың болуы-болмауы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында мектеп айналасында балалар үшін қауіп төндіретін аймақтар анықталмады, яғни мектеп айналасы толық қоршалған, мектеп аумағында орналасқан трансформатор қоршалған, басқа көше трансформаторлары да биылғы жылы жаңартылып, жабық типте қапталып қауіпсіз нұсқалары орнатылған, люк және құдық беттері жабылған, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар бар және көше жолдары жаңадан жөндеуден өтіп, мектеп алдынан балалар қауіпсіздігі үшін жаяу жүргінші жолақтары, көліктің жылдамдығын бәсеңдететін кедергілер мен жылдамдық т.б. белгілер орналатылған, бұзылған ғимараттар жоқ, бос тұрған ескі мектеп ғимараты бар – қоршалған, қарауылы бар. Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында мектеп ғимаратында ерекше балаларға арналған жайдалар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнекамералар жай күйі де ескеріліп, қызмет көрсетуі қаралды.
«Бірлікүстем» БПҰ тарапынан балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылымды бақылау жұмыстары жалғасын табатын болады.


