Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “Шабыт” жобасы негізінде 3-4 сынып оқушылары көрініс қойды. Оқушылар өз рөлдерін шебер орындап, көрермендерге тәрбиелік мәні зор қойылым ұсынды.
Шара балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сахна мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. 👏
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Шабыт” жобасы негізінде 1-2 сынып оқушылары арасында ертегі қойылымы ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, достық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді дарыту, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлін шынайы сомдап, сахна мәдениетін көрсете білді.
Көрермендер балалардың өнеріне тәнті болып, олардың ынта-жігері мен сахнадағы белсенділігі жоғары бағаланды. Шара соңында барлық қатысушы оқушылар арнайы марапаттарға ие болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Осындай тәрбиелік мәні зор, мазмұнды іс-шаралар арқылы жас буынның рухани дамуына жол ашып, шығармашылық әлеуетін арттыруды жалғастыра береміз!
Ақпан айы аясында мектепте оқушыларға «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жүйелі тәрбие жұмыстары жүргізілді. Апта дәйек сөзі таныстырылып, оқушыларға мектептің ішкі тәртібі, білім алудағы жауапкершілік, әдептілік пен тәртіп сақтаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі білім, спорт және шығармашылық жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар салтанатты түрде марапатталды. Бұл – олардың табандылығы мен еңбегінің жемісі, ұстаздар еңбегінің айқын көрінісі.
Мұндай игі шаралар оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, жетістікке ұмтылуға үлкен серпін береді.
Барша марапатталған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалының «Бірлікүстем» бастауыш партия ұйымы тарапынан «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы өткізілді.
Акция барысында «Бірлікүстем» БПҰ төрағасы Майкеев Талап Жылысович және мүшелері, олар: Бірлікүстем ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы Акшабаева Шолпан Медетхановна, «Жұлдыз» бала бақшасының тәрбиешісі Сыздыкбаева Жанаткуль Джаксылыковна, Домалақ ене атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ташметов Нуржан Азимханович бола отырып, ауылдық округте орналасқан Домалақ ене атындағы орта мектебі мен айналасында орналасқан қараусыз, ашық қалған трансформаторлар, ашық люктер, қолайсыз, бұзылған жолдар, бұзылған сарайлардың, құрылыс нысандардың болуы-болмауы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында мектеп айналасында балалар үшін қауіп төндіретін аймақтар анықталмады, яғни мектеп айналасы толық қоршалған, мектеп аумағында орналасқан трансформатор қоршалған, басқа көше трансформаторлары да биылғы жылы жаңартылып, жабық типте қапталып қауіпсіз нұсқалары орнатылған, люк және құдық беттері жабылған, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар бар және көше жолдары жаңадан жөндеуден өтіп, мектеп алдынан балалар қауіпсіздігі үшін жаяу жүргінші жолақтары, көліктің жылдамдығын бәсеңдететін кедергілер мен жылдамдық т.б. белгілер орналатылған, бұзылған ғимараттар жоқ, бос тұрған ескі мектеп ғимараты бар – қоршалған, қарауылы бар. Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында мектеп ғимаратында ерекше балаларға арналған жайдалар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнекамералар жай күйі де ескеріліп, қызмет көрсетуі қаралды.
«Бірлікүстем» БПҰ тарапынан балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылымды бақылау жұмыстары жалғасын табатын болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ