ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
🔰 21 қаңтар күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде Қамқоршылық кеңес отырысы және жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиында мектептің жетістіктері, білім сапасының көрсеткіштері, сондай-ақ «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар таныстырылды.
Сонымен қатар, Шу аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Садырбаев Омар Орақұлы қатысып, оқушылардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау бағытында маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, алдағы жоспарлар мен ұсыныстар ортаға салынды. Осындай бірлескен жұмыстар мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ


